Ауа-тамшы бөлімшесі

ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ

                                       АУА-ТАМШЫ ИНФЕКЦИЯСЫ БӨЛІМШЕСІ

                                              

Бөлім 25 науқасқа арналған. Бөлімде 9 бокс бар. Науқастар қабылдау бөлмесінен қабылданып, диагнозына сәйкес бокстарға орналастыралады. Ауа-тамшы инфекция бөліміне менингококкты инфекция, қызылша, қызамық, тұмау, желшешек, скарлатина, баспа, ұшықтық инфекциясымен аурулар қабылданады. Сонымен қатар аса қауіпті жұқпалы ауруларды, ауа- тамшы инфекциясымен қатынаста болған,АИВ-инфекциясымен ауырғандарды қабылдап емдейміз.

Бөлімде 2 дәрігер жұмыс жасайды:

Бөлім меңгерушісі -Айбусинова К.Н. жоғарғы дәрежелі инфекционист, 36 жыл еңбек стажы бар, соңғы специализация 2015 жылы Ақтөбе қаласында өтілген.

дәрігер-инфекционист Калмағамбетова Г.С еңбек стажы 12 жыл,соңғы специализациясы 2014 жылы Ақтөбе қаласында өтілген,балалар жұқпалы ауруларынан сертификаты бар.

Бөлімде 1 медбике күзеті жұмыс жасайды,аурулардын саны көбеюіне сәйкес 2-ші күзет ашылып отырады. Бөлімде небәрі 6 медбике, оның ішінде:

1егу бөлмесі медбикесі, 1аға медбике, 1медбике бала тәрбиелеу демалысында. 2-медбикеде жоғарғы дәреже, 4медбикеде - маман сертификаты бар.

2015 жылы 1 медбике мерзімсіз жоғарғы дәрежелі медбике сертификатын алды.

Бөлімде небәрі 5 тазалаушы бар,1тазалаушы бала тәрбиелеу демалысында,соның ішінде 1 шаруашылық қожасы,2 ас таратушы   жұмыс жасайды.