2022 жылдың 29-шы сәуір айында ҚР-ның Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ғимаратында бас манандарының ұйымдастырумен емдеу мекемелерімен бірге жиналыс өткізілді
2022 жылдың 29-шы сәуір айында ҚР-ның Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ғимаратында бас манандарының ұйымдастырумен емдеу мекемелерімен бірге жиналыс өткізілді. Жиналысты превенция басқармасының бас мамандары Максат Абекенов және Асель Жумамуратова жүргізді. Жиналысқа 35 адам қатысты. Біздің мекемеден бас дәрігердің орынбасары Нуртдинова А.С және персональды басқару қызметінің маманы С.А Итеғұлова қатысты. Жиналыс барысында ҚР Президентінің 2022 жылғы 02-ші ақпандағы Жарлығы мен ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Яғни бұл концепцияның негізінде емдеу мекемелерінде адалдық,заңдылық пен прагматизм әркімнің ішкі құндылығына айналуға тиіс екендігі талқыланды. Осы концепцияға қатысты сұрақтар талқылауға салынды, сонымен қатар Превенция басқармасының бас маманы Асель Жумамуратова концепцияны емдеу мекемлерінде қалай іске асыру шаралары туралы ақпарат берді. Емдеу мекемелерінің қызметкерлеріне 1424 бірыңғай кол-орталығы жұмысы туралы ақпарат жеткізілуі туралы кеңес берілді.