2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша бас дәрігердің жылдық есебі
- Подробности
- Категория: Жаналық
- Опубликовано: 28.02.2024 07:00
- Автор: Super User
- Просмотров: 129
Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасының бас дәрігері 2023 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, 2024 жылға қойылған міндеттерді баяндап өтті. Бас дәрігер Камбаров Жолдас Булековичтің есеп беру жиынына Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас педиатр дәрігері Сарманова Нургул Абеновна және облыстық штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Сагинаевич және аурухана ұжымы қызметкерлері қатысты. Жиын барысында баяндама жасаған бас дәрігер аурухананың миссиясы, мақсаты, міндеті, аурухананың материалдық-техникалық базаларын нығайту және кадрлар біліктілігін арттыру бағытында біршама кешенді шаралар жүзеге асырылғанын және қаржылық есептері, аурухананың ең негізгі көрсеткіштері, бөлімше жұмыстары, өлім-жітім көрсеткіштері, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі, сонымен қатар әлсіз және мықты жақтарын, 2024 жылға арналған жоспарлары баяндалды. Осы орайда, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас педиатр дәрігері Сарманова Нургул Абеновна аурухананың 2023 жылы атқарылған жұмыстарына қанағаттанарлық деген бағасын беріп, орын алған кейбір мәселелерді шешуге ұсыныстарға тоқталды: ана мен бала денсаулығы, балалар арасындағы өлім-жітім, перинаталдық өлім, жүкті және босанатын әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру және ана мен бала өлімін төмендету мақсатында жұмыстардың жалғасуын, қатаң бақылануын атап көрсетті. Облыстық штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Сагинаевич облыста қазіргі таңда Қызылша ауруының өршуіне байланысты, жалпы инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында аурухана бөлім меңгерушілерінің, емдеуші дәрігерлердің халыққа санитарлық-ағарту жұмыстары ретінде теледидарға шығуларын маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, кадр тапшылығы, оның ішінде инфекционист дәрігерлерінің және реаниматолог дәрігерлерінің тапшылығы да сөз болды. Осы аталған мәселелер бойынша бірлесе жұмыс жасауға және денсаулық саласы бойынша халық тарапынан түсетін ұсыныс-пікірлерге тиісті деңгейде назар аударуға шақырды. Сонымен қатар, аурухана ұжымы қызметкерлеріне алдағы атқарылар жұмыстарына сәттілік тіледі.