ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТІҢ АЛДЫН-АЛУ
- Подробности
- Категория: Жаналық
- Опубликовано: 02.08.2016 10:36
- Автор: Super User
- Просмотров: 2178
Вирусты гепатит – дүние жүзіне әйгілі вирус. Халыққа белгілілері – А, Е, В, С, Д, F, G, TTV, SEN, NEW
вирусты гепатиттер. А мен Е вирусты гепатиттері – вирустың асқазан, іш құрылысы, қатпаршақ трактін зақымдайды. В, С, Д F, G, TTV, SEN, NEW вирусты гепатиттерінің парентеральды берілу жолы – ағзаға вирус түскенде тері зақымданады. Аурушаңдылықтың барлық жағдайында адамдарға ең қажетті ағза – бауыр зақымданады.
А Вирусты гепатиті. Инфекция көзі болып табылатын-клиникалық айғақты ауру адам немесе сарғаймаған науқас. Вирусты гепатит А тұрғындардың ересек, балалар тобы арасында тіркеледі. Гепатит А вирусы қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторларына өте төзімді. Берілу жолдары: су, тағам арқылы, сонымен қатар ауырған науқаспен қарым-қатынас арқылы.
А вирусты гепатитімен ауру маусымы – жазғы, күзгі уақыт. А вирусты гепатиті суда жақсы сақталады, аурудың жұғу қаупі: су қоймаларына суға түскенде, белгісіз орындардағы су көздерінен су ішкенде, адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста болғанда, жеке гигиенаның сақталмауынан да, мысалы, ортақ пайдаланылатын ойыншықтардан, ыдыс-аяқтан, есіктердің тұтқаларынан жұғады. Негізгі алдын алу іс-шаралары: А вирусты гепатитке қарсы егу (Алматы қ. 2010 жылдан бері 2 жастағы балаларды міндетті түрде вакцинациялау енгізілді), өйткені осы жас, балалардың жеке гигиенасы қалыптасатын кезеңі. Бұл жұқпаның алдын-алу шаралары төмендегідей: ауыз суды белгіленбеген орындардан ішпеу, су қоймаларында шомылғанда су жұтпау, жеміс-жидектерді, көкөністерді тазартып, жуу, суықтатылған суды бір шөлмектен, құмырадан ішпеу, міндетті түрде жеке ыдысты пайдалану, тамақ ішпес бұрын, міндетті түрде қол жуу сияқты сақтық шараларды мүлтіксіз орындау қажет. Егер, сыныпта вирусты гепатит білінсе, онда үнемі сыныпты желдету, әркім өзінің денсаулығын қорғап, өзіне ауырмаудың күнделікті жағдайын туғызуы қажет.
Е вирусты гепатиті Азия, Африка елдерінде таралған. Вирустың қоршаған ортада сақталуы тым төмен. Дезинфекциялық дәрмектер әсерінен тез жойылады. Е вирусты гепатиттің ерекшелігі – жүкті әйелдер арасында өте ауыр түрде өтетіндігі. Д вирусты гепатиті В вирусты гепатитімен ауырған науқасқа жұғуы мүмкін. Аурудың жұғу қаупі: әр түрлі гемотрансфузиялық медициналық араласулар.
В,С,Д,G,TTV вирусты гепатитер. Медициналық ұйымдарда, косметикалық салондарда, шаштараздарда медициналық құрал-саймандардың, көп рет қолданылатын піскектердің стерилизациялық режимін сақтамаудан, инъекцияларды жиі қолданатын наркотиктердің арасында залалсыздандырылмаған піспектерді қолдануларынан, жыныстық қарым-қатынастан В вирусты гепатитінің жұғу қаупі туындайды. Тиімді алдын алу іс-шаралары: В вирусты гепатитке қарсы вакцинациялауды жүргізу. 1998 жылдан бастап перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді егу жүргізіліп келеді. Жіті В вирусты гепатитпен ауырғандар ошағындағы қарым-қатынаста болған балаларды, медицина қызметкерлерін, қан қабылдаушыларды, жіті вирусты гепатитімен ауырғандарды міндетті түрде иммунизациялаудың нәтижесінде соңғы 5 жылда балалар арасында аурушаңдылық тіркелмеді және аурушаңдылық он есеге азайды. Алайда, соңғы жылдары ата-аналардың арасында осы екпені алудан негізсіз бас тартатындарының саны өсті. Ата-аналар, егер балаларын уақтылы ектірмесе, онда В вирусты гепатитті жұқтыру қаупінің алдын алмай, керісінше уақытты ұттырып, баланың болашақ өміріне қауіп төндірері ықтимал.
Вирусты гепатит ауруларының туындау себептері және оның алдын алу шаралары туралы осы ескертулер сізге өз денсаулыгынызды сактаудын ен тиiмдi жолы болып табылады.