Бейімделу және тәлімгерлік орталығындағы жаңа қызметкерлерге арналған кіріспе нұсқаулық

InShot 20250915 215326180 12025 жылғы 12 қыркүйекте Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханада, Бейімделу және тәлімгерлік орталығында, жұмысқа қабылданған жаңа қызметкерлерге арналған кіріспе нұсқаулық өткізілді. Сабақты бөлімдердің аға мейірбикелері – Ахметова Б.М. мен Бахитова Б.Т. жүргізді.

Бейімделу және тәлімгерлік орталығының мақсаты – жаңа мамандарға ұжымға бейімделу кезеңінде қолдау көрсету, жұмыс ортасына жылдам үйренісуіне жағдай жасау, аурухананың ішкі үдерістері мен стандарттарын түсіндіру, сондай-ақ кәсіби және коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Кіріспе нұсқаулық медициналық қызметкерлердің кәсіби жолындағы сәтті бастамасына негіз қалап, олардың сенімді қадам жасауына мүмкіндік берді.